Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тұманбай Молдағалиев

Сыйласуға жақсылар жаралған ба?!
Сағынарлық қасиет бар адамда!
Сүйгеніңнің көзіне жалтақтамай,
Не жетеді үздігіп қарағанға!

Бәрін айтып ғашықтар үлгерген бе!
Иіледі ізетпен гүлдер гүлге.
Не жетеді жарыла қуанғанға!
Не жетеді жарқылдап бір күлгенге!

Ғашық жүрек соғудан жаңылған ба!
Не жетеді күткенге, сағынғанға!
Не жетеді ең қиын кездерде де
Сүйгеніңнің жанынан табылғанға!

Бірге гүлдеп ғажайып нұр — көктемде,
Не жетеді бақытты тербеткенге!
Не жетеді өмірі бір сайраңдап,
Не жетеді өмірден бір кеткенге!

Кейде мақсат бітпейді жеңіспен де.
Не жетеді өзара келіскенге!
Құрдасың мен құрбыңды жинап алып,
Не жетеді шаттықты бөліскенге!

Өмір жайлы ұзақ күн толғанғанда,
Жүрегіңе ақ қанат жыр қонғанда.
Не жетеді шындықпен құшақтасып,
Не жетеді жақсымен бір болғанға!

Ұқсас жаңалықтар

Ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Мысық пен ит

Redaktor Site

Лимонның қандай пайдасы бар?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz