Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Халық жыры

Ақ сауыт деген сол болар,
Атқанда оқ өтпесе.
Ақ берен деген сол болар,
Тигені тұяқ серіппесе.
Алмауыт деген сол болар,
Артынан қиқу жетпесе.
Ер жігіт деген сол болар,
Жасқанбай жауға беттесе,
Жан жолдас деген сол болар,
Жалғыз тастап кетпесе.
Адал дос деген сол болар,
Абыройыңды төкпесе.
Адал жар деген сол болар,
Білдірмей жоқты ептесе.
Туысқан деген сол болар,
Сетілгенді септесе.
Қайырымсыз жан сол болар,
Жетімнің бетін өппесе,
Қатігез жан сол болар,
Жеткіншекке тек десе.
Қайырымды жан сол болар,
Керегіңді көктесе.
Ақ көңіл жан сол болар,
Айтар сөзін бүкпесе,
Жан қинап еңбек етпесе.
Қас жаман қабақ түйеді,
Шаруасы бітпесе.
Бітпейтін, сірә, іс болмас,
Жұрт жұмылып көптесе.
Ерлердің ісі еленбес,
Халық үшін терін төкпесе…

Ұқсас жаңалықтар

Білім бе, намаз ба? Мектеп оқушысына қайсысы маңызды?

redaktor_qazyr

Қадыр Мырза Әли

Redaktor Site

Ибрагим Иса-Қызғаныш

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz