Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Есенқұл Жақыпбек

Болмаппыз шыны керек туа мықты,
Жабысқан дерттен жаным суалыпты.
Азайып анамыздың ақ үміті,
Алмапты Туу жайлы куәлікті.
Үміттің үзілген тек жері бар ма?
Бәрібір тоқтамапты өмір арба.
Жыл өткен соң тіркепті ауыл Совет,
Туды деп мені оныншы февральда.
Өлер деп көздің жасын сан ағызған,
Өмірге қайта кепті жаңа бір жан.
Бір күнге мен осылай кеш туыппын,
Мұзбалақ Мұқағали ағамыздан.
Туа сап сол ақынға ауды да есім,
Пір көріп өттім өлең дәу киесін.
Мұқаңнан мені өмірге кеш әкелген,
Ауыл Совет, сен қандай әулиесің?
Шынымен болмасақ та, туа мықты,
Мұқалмас жырмен Мұқаң суарыпты.
Өлең сенің өзіңнен алсам деймін,
Туу жайлы ендігі куәлікті.

Ұқсас жаңалықтар

Мұқтаж жанның көзімен

Redaktor Site

Су туралы қызықты деректер

Redaktor Site

Небәрі 29 жасында Ленинмен 4 сағат қарсыласып, Қазақ елінің шекарасын шегендеген Әлімхан Ермеков

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz