Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мұқағали Мақатаев-Арманда ұлым

Кім боласың,
Қандай өмір сүресің,
Ол — өзіңнің үлесің.Ақылымды тыңда, мейлің, тыңдама,
Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана.Болса ақылың біл мынаны: жалғанда,
Жолай көрме арманы жоқ жандарға!
Арманда, ұлым, арманда!
Арманда, ұлым, ақтық демің қалғанда!

Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған,
Жадыңда ұста: жаратылған арманнан!
Өмірінің аяғы жоқ, басы жоқ,
Өлген артық армансыз боп қалғаннан.

Айтқанымды жөн де, мейлі, жөн деме,
Арманда, ұлым, қия деме, өр деме.
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Қира мейлің, күйре мейлің, дөңгеле.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Фариза Оңғарсынова – Ақынды қайрау

redaktor_qazyr

Ауған соғысы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz