Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Сәкен Сейфуллин

Ойынды қой, оқы, інішегім, алға бас!
Жарқыратып ақ нұрменен көңілді аш.
Балалыққа жас миыңды алдатпа,
Ғылым үйрен, нұрға толсын кеудең жас.

Бұл заманда ғылым білу — өнер алды.
Аталарың оны білмей артта қалды.
Шырға қылып қызартқанға алданып,
Әр харамға ысырап қылып біткен малды.

Қамсыз қатып, артта қалып бұ күнде,
Я шырақсыз, я сәулесіз қараңғы үйде.
Сырттан қарап жаны ашитын адам жоқ,
Ағаларың жатыр, қалқам, бұл күйде.

Біз қараңғы үйде отырмыз, қарағым!
Басқа жұрттар жап-жарық қып шырағын,
Солардай боп біз де жарық көрейік,
Сендер де кеп шырақ жақшы, шырағым!

Ұқсас жаңалықтар

Толқын Қабылша

Redaktor Site

Абай Құнанбайдың жиырма үшінші қара сөзі

Redaktor Site

Оқу-ағарту министрі ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz