Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әңгіме

Еріккен патша ақын болсам деген ойға салынып, балдыр-батпақ сөздердің басын қосып, өлең жазыпты да Қожанасырға оқып беріпті. Қожанасыр естіп отырып:
– Тақсыр, өлең жазуды ақындарға беріп, сіз патшалығыңызды жүргізсеңіз де болар, – деп насихат айтыпты.
Патша ашуға басып:
– Апарыңдар мына ақымақты, малымен қосып қораға қамап қойыңдар, өлеңнің қадірін білмейтін неме ғой, сол қорада тұрып есектің аңырағанын естісін! – деп бұйырады.
Қожанасырды қораға бір жеті қамағаннан кейін «сазайын тартты, енді өлеңімді естісе мақтауы ықтимал» деп ойлаған патша Қожанасырды шақыртып алып жаңадан жазған өлеңдерін жоғары дауыспен оқып береді де:
– Қалай, Қожеке, бұл өлеңдерім жараса керек? – дейді.
Қожанасыр жұмған аузын ашпастан артына бұрылып, мал қораға қарай тартады. Патша Қожанасырды тоқтатып:
– Қайда бармақсың? – деп сұрайды.
Қожанасыр сонда:
– Мал қораға, тақсыр, бәрінен де есектің аңырағаны абзал екен, – дейді.

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың жиырма екінші қара сөзі

Redaktor Site

«Менің атым- Қожа» фильмін,театрда Жанардың рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz