Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Кеш, күнім!

Қосылған жүрек қосағым едің, қос бұрым
Көзіндей болып көрінген маған ескінің.
Бетіңнен сенің сүйгізбей жатса, кеш, күнім,
Мерекесі көп, берекесі жоқ бес күнім.

Оңаша оймен отырып кейде кешқұрым,
Ғашықтар әнін жабығып, жалғыз естідің.
Күтумен өткен түндердің бәрін кеш, күнім,
Өзіңнен басқа жоқ еді менің ешкімім.

Солдырып алма сезімнің нәзік хош гүлін,
Көрсете берме көңілдің сірә, бостығын.
Жоғалтып ала жаздасам сені кеш, күнім
Көбейтемін деп жүргенде кейбір дос түрін.

Сыны көп сәттің елемей жүрсең ешбірін
Еңсеңді сенің баспайды сонда ескі мұң.
Жаныма кейде жараспай жатса кескінім,
Кеш, күнім!
Бәрін… бәрін де, бәрін кеш, күнім!

Ұқсас жаңалықтар

Абай Құнанбайдың қырық үшінші қара сөзі

Redaktor Site

Әлемдегі ең қымбат фотосурет

Redaktor Site

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz