Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Өз-өзіңнен жасқанып

Жастық шақта, сірә, нені аңғардық,
Жүруші едік әрнені бір арман ғып.
Жылдар әрең жылжитындай көрініп,
«Уақыт неге өтпейді» деп таңғалдық.

Білім қудық.
Көп іздендік.
Көп білдік.
Жастыққа тән аңғалдық һәм өткірлік.
Қарсы алғанда
Жаңа келген жылды да
«Келмей қайда кетуші еді?!» — деп күлдік.

Жастық дәурен көрген түстей жоғалды,
Сағынышпен еске алмасақ обал-ды.
Бір ғажабы —
Жер ортадан асқанда
Уақыт енді зырлайтұғын боп алды.

Мосқал тарттық.
Арагідік жиналып,
Төрде отырып сөз сөйлейміз диланып.
«Жылдар қалай заулайды?!» — деп таңғалып,
Бурыл бастар отырамыз қиналып.

Жаңа жылда кетер думан басталып.
Ал сен болсаң өз-өзіңнен жасқанып:
«Осы жылым — соңғы жылым болмасын!»
Дейсің іштей…
Жанарыңды жас қарып…

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Темірбай — Оянба, қазақ

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Оңтүстік Корея білім беру саласында жаңа жобаларды жүзеге асыруда

admin_qazyr

Балалық шағым кісі қызығарлықтай боп өткен жоқ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz