Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Дулат Бабатайұлы

Ей, мұсылман қарындас,
Әкеңнен алған ақылың,
Қазылған қара жолмен тең,
Жақсысы кімнің бар болса,
Алдыңда сары балмен тең.
Жақсыдан алған ақылың,
Сайдан келген желмен тең.
Көп жаманның мінезі,
Жиылып келген жынмен тең.
Көтерілген көп жаман,
Көшпелі жолдан адасса,
Көпте болса азбен тең.
Қаптаған боран ашылса,
Жадыраған күн, жазбен тең.
Халайықтар жарандар,
Халқыңменен тату жүр.
Өтетұғын сұм дүние,
Қаңқылдап ұшқан қазбен тең.

Ұқсас жаңалықтар

EuroSkills 2025: Қазақстан құрамасы бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті

admin_qazyr

Пендеміз

Redaktor Site

Қызықты деректер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz