Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қабан жырау

Ал, ұста, бұл сөзімді жалған емес,
Бұл дүние имандыға арман емес.
Дүниенің қызығы үшін мал жинаймыз,
Мал, шіркін, ешкімге еріп барған емес.
Бұрынғы пайғамбар мен сахабалар,
Пайда ғып ешкім малын алған емес.
Өтірік, ұрлық, зорлық, мекер, қайла,
Бұл үлгі пайғамбардан қалған емес.
Артынан қу нәпсінің ере берсең,
Қу нәпсі жүгірістен танған емес.
Нәпсіге тоқтау қылған бәндесіне,
Тозақтың оты кеулеп жанған емес.
Қаупі жоқ ахиреттің ғазабынан,
Жиылып дүние үшін қылар кеңес.
Қайғысы екі жиһан ойында жоқ.
Көңілінде ойлағаны құлақ теңес.
Істей бер тіршілікте білгеніңді,
Біреудің қам-қайғысын біреу жемес.
Ал, енді, талай тағлым айтып қойған,
Анда-санда ойлаңдар мен байғұсты,
Дүние көшіп кетіп, қайта келмес.

Ұқсас жаңалықтар

Ақұштап Бақтыгереева — Сіңліге сыр

Redaktor Site

Түргеш қағанаты

Redaktor Site

Атырауда «Study in Kazakhstan» көрмесі өтіп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz