Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шөмішбай Сариев

Әлдиінен қадірлі сөз бола ма,
Ананың ақ сүтінің қарызы мол.
Өз тіліңді үйрету өз балаңа –
Анаңның алдындағы парызы ол!

Кінә артады күні ертең бала кімге?
Ұрпағыңның алдында ұяттысың.
Бір ауыз сөз білмесе ана тілде,
Өз балаңа шет елдік сияқтысың!

Ұмытылып қалардай өз анаң да,
Ана тілді ұмыту – масқара бұл!
Еске ұста ел атынан сөз аларда
Ана тілден құрылған астана бұл.

Республика болғанмын Ана тілмен,
Ана тілмен жазылған алтын заңым.
Халқым берген осы екі қанатыммен
Көгімнің ай-күніндей жарқылдадым!

Ұқсас жаңалықтар

Оңайгүл Тұржан — Айфон

redaktor_qazyr

Қалай келсең солай кетесің

redaktor_qazyr

Көршіден нені сұрауға болмайды?

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz