Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қожанасыр

Қожанасыр емсектік істеп жүрген күндердің бірінде қарны қабақтай, борбайы таяқтай, боғағы күйектей, екі беті табақтай біреу май басып жүре алмай, қиналғанын айтып, шипа іздеп келеді:
– Қанша ақы талап етсеңіз де берейін, осы дерттен айықтырып беріңізші. Он қадам жол жүрсем болды, жүрегім аузыма тығылып, булығып өле жаздаймын, – дейді.
Қожанасыр əлгі семізді көріп отырып:
– Жүрегіңізді май басып кеткен екен, бұған шипа жоқ, ұзаса жарты жылда, əйтпесе он шақты күнде дүние саласыз, – дейді.
Əлгі семізді өлімнің уайымы басып, қайғы-қасіреттің зардабынан кеңірдегінен тамақ өтпей, жатса ұйқысы қашып, он неше күннің ішінде-ақ арықтап жінтіктеліп, сатқа ұрғандай болады, бірақ, өлмейді.
Жүдеп-жадап еттен айрылған əлгі семіз Қожанасырға өкпелегендей болып:
– Өзіңіз қалайсыз? Емсектік істесеңіз пейіліңізбен істемейсіз бе? Елдің зəресін алғаныңыз қалай, – дейді.
– Міне, сауыққаныңыз осы, – дейді Қожекең сонда, – енді, емсектік еңбек ақымды бергеніңіз жөн.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қанша қала бар?

Redaktor Site

Қалқаман Сарин

Redaktor Site

Қазақ әдебиеті

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz