Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мен сізді ұнатамын

Мен сізді ұнатамын.
Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым.
Жалғыз арман жанымды жайлап алып,
сенделемін, үмітпен бүр атамын.
Түк еместей әлемдік айыптаулар,
не ұмтылған асқарым — жыр, атағым.
Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен
біреулерді өксітіп жылатарым,
не өзімді даңқтың тұғырынан
мүмкін тіпті біржола құлатарым.

Жанса бағым,
бәріне де дайынмын — қарсы аламын,
қарсы аламын үзіліп қалса да әнім —
біреулердің қүңкілін, жазғыруын,
мысқылы мен өсегін — баршаларын.
Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана
сәтімізге қауышар, аңсағаным,
бірге жұтар ләззатты таң самалын.

Жырлап өтем,
белді будым алдағы сынға бекем,
арпалысам, асудан-мұңнан өтем.
Сізге жетер жолымда кешем бәрін.
мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.
Арпалыссыз, армансыз, мұңсыз күндер —
жайбарақат тірліктің құндағы екен.
Соның бәрін, бәрін де сезімімнің,
сезіміңнің жолында құрбан етем!

Ұқсас жаңалықтар

Керей хан

Redaktor Site

Абай- Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін

redaktor_qazyr

Биыл оқушылар 1 тоқсанда 10 күн демалады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz