Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мерген Тоқсанбай

Маған бүгін сен керексің… ертең де!
Өмірімді күлкіңменен көркемде!
Құстар сайрап қонуы үшін көліме,
Гүлдер жайнап өнуі үшін өлкемде!
Маған бүгін сен керексің, жарығым,
Шаңырағымда шаттық күйін шертерге!

Маған, жаным, сен керексің, түсінші,
Жүрегіңнің кілті қайда? Ұсыншы!
Сен керексің, сен керексің – бірінші,
Саған тартқан қыздар керек – екінші,
Маған тартқан ұлдар керек – үшінші!

Маған, жаным, сен керексің, керексің!
Тәңір берген бақытыма себепшім.
Жатырыңнан батыр болып туады,
Жарты әлемді таңқалдырар көмекшім!

Маған, жаным, сен керексің, ішімде,
Алай-түлей дауыл тұрмас үшін де.
Жалғыздықты сезбеу үшін өңімде,
Жардан құлап өлмеу үшін түсімде!

Маған, жаным, сен керексің, екі елді
құда қылып, қуантуға әкемді.
Қос аққудай ажыраспас адал боп,
Қос дүниеде бұзбау үшін некемді!

Сен керексің, Сенсіз өмір маған – мұң!
Жарығысың мендік түнек ғаламның!
Сен керексің өтеу үшін ақ сүтін,
Алғысын ап анамның!

Маған, жаным, сен керексің! Ал, тыңда!
Сәл еркелеу, сәл бұзықтау қалпыңда!
Жан дүниемнің бақ, байлығы өзіңсің,
Айырбастамас алтынға!!!

Маған, жаным, сен керексің! Қаншама,
Қыздың жасы менің үшін тамса да!
Сен керексің! Сен керексің, жарығым,
Басқа дүние керексіз боп қалса да!!!

Ұқсас жаңалықтар

Бір әнші

Redaktor Site

Нарманбет Орманбетұлы

Redaktor Site

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz