Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Айзада Рақымжанова-Балалық

Мама, менің балалығым қайда осы?
Қашан одан айырылып қалғанмын?
Өмір деген – надандардың бәйгесі,
Арбауына алдандым!

Мама, менің балалығым қайда жүр?
Тауып алған тәрізді ғой басқа жан.
Оны маған ертіп келші дәл қазір,
Неге мені тастаған?!

Ұйықтасам бесік жыры тербейтін,
Аймалайтын сәбиімде ару-күн.
Мама, менің үлкен болғым келмейді,
Балалыққа зәрумін.

Мама, менің балалығым – Күн-Айым,
Онда бүкіл жан баласы – әдемі!
Ол бар кезде сезімдер де шынайы,
Жүректер де пәк еді.

Мама, неге балалықтан қашқанмын?
Балалықтан, сірә, жәбір көрдім бе?
Патшайымы мен едім ғой аспанның,
Және бүкіл жердің де!

Мама, мені балалыққа алып бар —
Бәлкім, біраз кездесуге кешігер,
Бәлкім, біраз ашуланар, айыптар,
Содан кейін кешірер…

Ұқсас жаңалықтар

Әкеге арналған тілек

Redaktor Site

Жиен

redaktor_qazyr

Керей хан

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz