Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қашан қалар

Қашан қалар күншілдік, бұл ант атқан,
Өсек айтып, өтірік жала жапқан.
Адал жүріп еңбекпен киіп — ішпей,
Бақытына біреудің көз алартқан.

«Іші күйген мұз жалар» дегендейін,
Қызғыш пен безгелдектей бебеу қаққан.
Күнбағардай құбылып, шыр айналып,
Екі сөзді шерменде арып сатқан.

Адамдарды араз ғып шағыстырып,
Аузы ептілер арадан пайда тапқан.
Ру, жерлес дегенді дабырайтып,
Сөнер болған шаланы үрлеп жаққан.

Қоғам үшін, жұрт үшін сөйлеген боп,
Жылмаң қағып, суайтың судай аққан.
Алдан, арбап, басқаға жала жауып,
Алға басқан адамды артқа тартқан.
Үстіменен ауырдың амалдап жүр,
Бұл қулығын өзінше етіп мақтан.

Ұқсас жаңалықтар

Байлық, кедейлік туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Исрайл Сапарбай

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz