Qazyr.kz
БілімМәдениет

Оңайгүл Тұржан

Ай туғанда қарасаң,
Мың жыл соққан қамалдай.
Күн батарда қарасаң,
Келе жатқан адамдай.

Таң бозында қарасаң,
Айдаһардың тісіндей.
Сонда, бұ да тау ма деп,
Отырасың түсінбей.

Бұлтқа шығып қарасаң —
бақыты жоқ бармақтай,
кетіп бара жатқан шал,
етек-жеңі қалбақтай.

Түрегеліп қарасаң,
Көшіп жүрген сең дерсің.
Отыра қап қарасаң,
Өз көзіңе сенберсің.

Түн ішінде қарасаң,
Екі дүниенің өткелі.
Әлде, жұртқа көрінбей
Жортып жүрген көк бөрі.

Шыңырау түсіп қарасаң,
Көңілдегі азықтай.
Тәңір өзі белгім деп,
Қағып кеткен қазықтай.

Тас ғасырдан қарасаң,
Әулие-пірдің тұрағы.
Әлде, ұша жөнелген
Пайғамбардың Бұрағы.

Әр жердегі бұтасын,
Құм бетінде мең дерсің.
Ал құмдары тарихты,
Көміп жатқан көр дерсің.

Киігіне қарасаң,
«Құдай не еткен кең!» дерсің.
Әлі кетіп болмаған,
Бағзыдағы ел дерсің.

Азу-азу шыңдары,
Атылардай қарайды.
Шайнап тастар секілді,
Жау көрінсе талайғы.

Ол да саған қарайды,
Өңменіңнен өтердей.
“Бұған дейін көргенің,
Бәрі-бәрі бекер! — дей!

Етектегі тастары,
Қайғы-мұңнан сынған ба-ай?
Алқан-талқан тағдырлы,
Бұл — өзіңнің сұлбаңдай!

Көркіңді айтып тауысуға,
Жетпей тұр ғой сөз мына!
Тозған сайын жаңасың,
Қасиетсің, Бозжыра!

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Тұманбай Молдағалиев

Redaktor Site

Мектептер туралы деректер

Redaktor Site

Бауыр барда

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты