Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Қуаныш Қолхаев-Бақытты адам сол

Өмірдегі ең бақытты адам сол:
Кім есіне Жаратқанды жиі алса,
Күнә түгіл күмәнді істен ұялса,
Раббысы үшін өз нәпсісін тыя алса.

Өмірдегі әділетті адам сол:
Хақтан басқа күшке тізе бүкпесе,
Оттан, тастан, судан көмек күтпесе,
Жайнамазда бойын күнде тіктесе.

Өмірдегі ең ардақты адам сол:
Раббысына амалымен ұнаса,
Керегін тек бір Алладан сұраса,
Сабыр етіп, қиындыққа шыдаса.

Бұл өмірде гүлденетін адам сол:
Қолда барын кедейлермен бөліссе,
Мәз-мейрам боп берген асын ел ішсе,
Керіспесе, туысымен келіссе.

Бұл өмірде ең ақылды адам сол:
Бес намазын қаза қылмай күндегі,
Тәһәджудпен өтіп жатса түндері,
Өзгелерге үлгі болса білгені.

Жаратқаннан шын қорқатын адам сол,
Өлім жайлы өңі қашып ойланса,
Көзіне жас, көңіліне қайғы алса,
Жүрегі оның тек мешітке байланса.

Дүниеде не жетеді осы бір,
Алла жайлы ілім оқып білгенге,
Рақымына лайық өмір сүргенге,
Жәннат сонда нәсіп болмас кімдерге?

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев-Қиын не бар

Redaktor Site

Сахна сайқымазақтары

Redaktor Site

Су туралы қызықты деректер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz