Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Тәрбие бесік жырында

Өсиет толы шынында,
Ақтарған ойын, сырын да.
Әжелер айтқан әлдилеп,
Тәрбие бесік жырында:
«Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Ұйықта бөпем жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Басыңа қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?
Кең балағын түріскен,
Ұлы топта күрескен,
Балуан болар ма екенсің?».
Сәбилік сана ұғымға,
Нұр құйған қызға-ұлына.
Сөздері тұнған даналық,
Тәрбие бесік жырында.

Ұқсас жаңалықтар

CONNECTED сарапшылары болашақ туралы маңызды жаһандық нарративтерді талқылады

redaktor_qazyr

Спандияр Көбеев әңгімесі

Redaktor Site

Үстем болсын мерейің

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz