Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Нарманбет Орманбетұлы

Жынды деген немене?
Бұзылғаны қаныңның.
Тозақ деген немене?
Қиналғаны жаныңның.
Аяусыз деген немене?
Ұшқаны бастан бағыңның.
Ұятсыз деген немене?
Төгілгені арыңның.
Опасыз деген немене?
Бұзылғаны жарыңның.
Аумалы деген немене?
Құбылғаны ағымның.
Кәрілік деген немене?
Азайғаны халіңнің.
Өлім деген немене?
Өшкені болад жалынның.
Наумыз деген немене?
Құдайды бар деп білмеген.
Кәпір деген немене?
Дін исламға кірмеген.
Ақымақ деген немене?
Адамдық борышын білмеген.
Саңырау деген немене?
Сөзге құлақ түрмеген.
Қисық деген немене?
Түзу жолмен жүрмеген.
Пасық деген немене?
Өзінің ұлтын сүймеген.
Арсыз деген немене?
Ар-намысын кірлеген.
Қамсыз деген немене?
Ел қадірін білмеген.
Дұшпан деген немене?
Мінсізіңді міндеген.
Шайтан деген немене?
Біреудің барын күндеген.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Кенен Әзірбаев

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz