Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратБілімЖаңалықтарҚазірҚоғам

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген

Түркістан облысының мектептерінде 500-ге жуық мұғалім жалған дипломмен оқушыларға білім беріп жүрген.Бұл туралы QAZYR.KZ  хабарлайды.

Аталған факт бойыша бірқатар лауазымды тұлға мен қызметкерлер жауапқа тартылмақшы.Бұны Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мұғалімдердің тамыз кеңесі кезінде мәлімдеді.

«Тексеруде анықталғандай, кейбір мұғалімнің жоғары білімі туралы дипломы жалған болып шығып жатыр. Оны Антикор анықтап жатыр. Қазір 500-ге жуық жалған диплом шығып отыр. Сонымен қатар директор мен жұмысшы арасындағы 16 дау Президент әкімшілігіне дейін қаралған. Қолы лас қызметкерлер білім саласын табыс табу көзіне айналдырған. Бұл бойынша қызметкерлердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қаралды. Әлі де қаралатын болады», — деді ол.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Өлең: жүрегім күлмей

redaktor_qazyr

Қадыр Мырза Әли

Redaktor Site

Нарша Қашағанұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты