Ауғанстан билігіндегі Талибан әйелдеріне қоғамдық орындарға сөйлеу тыйым салды.Тіпті ерлерге сақал қырып,мойнына галстук тағуға да болмайды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бұл заңды Заңды «Талибан» қозғалысының жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахунзада мақұлдады.Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл заңның қисынсыз екенін айтып,әйелдер құқығына алаңдаушылық білдіріп отыр.
Тәліптердің жаңа заңы бойынша әйелдерге қоғамдық орында сөйлеуге,тіпті үйінде отырса да дауыстап кітап оқып,ән айтуға болмайды.Сонымен қатар әйелдер бетін көрсетіп,қысқа және тар киімдерді киіп жүруіне болмайды.
Ал ерлерге үйден сыртқа шыққанда тізеден төмен киім киіп,әйелдердің бетіне қарауға,шаштарын Шариғатқа сай келмейтін үлгіде жүруіне тыйым салды.Шаштараздарда ер адамдардың сақалын қыруға да шектеу салды.Ерлер мен әйелдер бір көлікте не бір таксиде отыруға тыйым салды.Сондай-ақ жаңа заң бойынша тірі адамның суретін сақтауға,жариялауға тыйым салды.