Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖарнамаҚазірҚоғамРуханият

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды

Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден Монтайтас ауылының тумасы Бақыт Төлтай алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

Астана қаласында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден ел намысын Бақыт Төлтай,Рахат Қамбаров,Бекнұр Серіков атты спортшылар қорғады.Кеше,12 қыркүйек теңге ілу жарысында Рахат Қамбаров қос құлаш сайысынан,ал Бекнұр Серіков бес белес сайысынан алтын медаль еншілеген еді.Бүгін Бақыт Төлтай теңге ілуден алтын медальды жеңіп алды.

Айта кетейік,Бақыт Төлтай — 1998 жылдың 12 тамызында Түркістан облысы  Арыс ауданы Монтайтас ауылында дүниеге келген. 2021 жылы ересектер арасындағы ҚР чемпионатының қола жүлдегері, 2023 жылы ересектер арасындағы ҚР чемпионатында алтын және күміс медалінің иегері, 2024 жылы Азия чемпионатының алтын медалінің иегері.

Ұқсас жаңалықтар

Қабылсайдағы қанды қылмыс

redaktor_qazyr

Бүгінде кәсіптік мамандықтар үлкен сұранысқа ие

admin_qazyr

Жәнібек Салқынбек — «Б» ға

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz