№ 1 Дене шынықтырумен айналысу – денсаулыққа бірінші қадам.
Серуендеуден бастаңыз. Жаяу жүру – дене шынықтырудың ішіндегі қолжетімдісі. Дүкеннен дүкенге ауа жұтып қана жүру есептелмейді. Асықпай серуендеңіз. Ойыңызды айналаға бөліп, әсем табиғат аясын тамашалаңыз.
№ 2 Жылдам жүру
Ағзаға аздап күш түсірсеңіз, Сіздің дене қимылыңызға байланысты қан жүгіріп, ағзаңызға оттегі тарап, ағзадағы зат алмасу жылдамдап, тотығу-түзелу жаңаланып, көңіл-күйіңіз көтеріледі, яғни көңіл-күй жақсарса, иммунитет көтеріледі. Дене шынықтыруды жайлап бастау керек, бірден ағзаға көп күш салып, зорықтыруға болмайды, біртіндеп жүйелі түрде ағзаға түсетін күшті көбейтіп, ұлғайтып отыру керек. Мысалы, жылдам жүру, 1-күн 1 шақырым (жағдайыңызға қарай 500 метрден бастасаңыз да болады), содан кейін күнде 5 шақырымға дейін қосып отырасыз. Қалалық жағдайда жұмысқа дейін немесе жұмыстан кейін бір-екі аялдама жылдам жаяу жүрсеңіз жеткілікті. Иммунитетті көтеру үшін таза ауада серуендеу емес, жылдам жүру пайдалы.
№ 3 Салқын сумен құйыну
Иммунитетті көтерудің бұл түрін де ақырындап бастағаныңыз жөн, алдымен аяқтарыңыздан бастап салқын су құйыныңыз, сосын белден төмен қарай, сосын иықтан төмен қарай, ең соңында төбеден бастап салқын сумен құйыныңыз. Алғашында 1-2 рет құйынып, соңыра көбейтіңіз. Иммунитетті көтеру үшін контрасті душ та болады, бұл біресе салқын, біресе ыстық сумен құйыну, бірақ ыстық-суық алшақтығын бірте-бірте 10-15 күн аралығында көбейтіңіз.
№ 4 Спортпен шұғылдану
Фитнеске, биге қатысу иммунитетті көтерумен бірге тәніңіздің сұлулығын сақтауға және сұлулана түсуіне көп ықпалын тигізеді.
№ 5 Құнарлы ас ішу
Тамақтану арқылы да нығайтуға болады. Ішетін тамағыңыз табиғи, дәрумендерге бай болуы қажет. Олар: жеміс-жидек, көкөністер, бал, ет.