Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Жол кептелісі кезінде не істеуге болады?

Жаңа оқу жылы басталғалы жол кептелісі жаңа қарқын алды. Таңмен жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, кешке қайтып келгенде 1-2 сағат жол кептелісінде тұрып қалу еліміздің кейбір қалалары тұрғындары үшін үйреншікті жағдайға айналды. Босқа өткен осы уақытымызды қалай пайдалы қылуға болады?

Жол кептелісінде босқа уайымдап, ұрсысып, жүйкеңізді жұқартқанша, уақытты өткізудің басқа пайдалы жолдарын табайық.

Оқу

Өзіңізбен бірге бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітап не журналдың жаңа нөмірін алып жүріңіз. Жол кептелісінде тұрып қалғанда оқумен уақыт тез өтетін болады. Бірақ қараңғы жерде, түнде, әлсіз жарықтандыру кезінде, көлік тым қатты шайқалып жүргенде оқымаған абзал. Әрине көлік рөлінде өзіңіз отырсаңыз, кітап оқуды басқа уақытқа қалдырған жөн.

Музыка тыңдау

Бұл көлік кептелісіндегі барлық жүргізушілердің сүйікті ісі. Сүйікті әуендерге қосылып өлең айтуға, тіпті қолды қимылдатып билеп, денеңізді жазуға болады. Музыка көңіл көтеріп, ұзақ жолды қысқарта түседі. Ал өз уақытына үлкен жауапкершілікпен қарайтын жандар жұмыс уақытын музыка тыңдауға бөлмесе, дәл осы кептеліс кезінде жаңа музыкалық альбомды алдын ала дискке жазып алып көлікте тыңдап, оған баға бере алады.

Шет тілін үйрену

Қазір шет тілі сабақтары апта сайын 3-4 рет 1-2 сағаттан өтеді. Қарап тұрсақ біз кептелісте тұратын уақыт та бұл уақыттан көбірек екен. Сондықтан тіл үйрену мәселесін өз қолыңызға алып, кептелісте тұрған кезде арнайы тіл үйрену аудио жазбаларын тыңдауға болады. Оны көліктегі магнитафон не ұялы телефонның плееріне қосыңыз да, сабағыңызды бастаңыз. Қажетті сабақтарды тегін интернеттен жүктеп алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Əр күнге арналған 10 пайдалы кеңес

redaktor_qazyr

Әкім Ысқақ

Redaktor Site

Логикалық әзіл жұмбақтар

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz