Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Бесік құрылысы

1. Арқалық (арыс) — бесіктің үстіңгі, көлденең жұмыр белағашы.

2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) — негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.

3. Жақтау. Ол төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

4. Шабақ. Бұл да төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

5. Сабау. Ол екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы — бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі — жорғаны қазақтар табан деп те атай береді.

7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

Ұқсас жаңалықтар

Шашыңыз денсаулығыңыз жайында айтады

redaktor_qazyr

Сыр өңірінде бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандар қолданысқа берілді

admin_qazyr

Қазақ тілі пәні бойынша 100 сұрақ жауабымен

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz