Сүйікті джинс шалбарыңыз сіз туралы мәлімет бере алады. Ендеше төменге көз жүгіртейік.
Skinny джинс шалбары
Іскер адамсыз. Сізге тапсырма берсе, міндетті түрде уақытылы және нақты орындайсыз. Жіңішке джинс шалбарыңыз да қарапайым әрі іске ыңғайлы.
Жыртық джинс шалбар
Өте сезімталсыз. Жіптің қаншалықты жіңішке болатындығын және кез келген уақытта үзіліп кетуі мүмкін екенін жыртық джинс шалбар ғана біледі. Жыртық шалбар иелері сыртқа қатал болып көрінгенімен, іштей өте нәзік әрі сезімтал болады.
Белі жоғары тұратын джинс шалбары
Мәселелерді шешетін адамсыз. Сіздің алдыңыздан қиын мәселе шықса, бірден шешуге кірісесіз. Ол Эвересті бағындыру ғана емес, таңертең ертемен жұмысқа бару керек болса да, түнімен құрбыңыздың қасында отырып, көмектесуге дайынсыз. Сізге мәселенің қандай екені маңызды емес.
Кең балақты джинс шалбары
Сізге джинс шалбар таңдаудағы секілді өмірде де басқалардың сіз туралы не ойлайтыны маңызды емес.
Сәнделген джинс шалбар
Кез келген кездесудің жұлдызысыз. Кез келген жағдайда және ортада барлық назарды өзіңізге аудара аласыз. Мұндай шалбар иелері өздеріне сенімді. Адамдармен тез тіл табысып, көңілді орта жасай аласыз.
Джинс комбинезон
Заманауи және шығармашылсыз. Саяхаттауды армандайсыз. Өзіңіздің жеке ісіңізді ашуға ұмтыласыз.
Джоггер джинс шалбары
Еркін адамсыз. Біреулер күйзелісте ме? Тек сіз емес. Кез келген жағдайда барынша ыңғайлы болатындай жағдай жасап қоясыз. Киімді де солай таңдайсыз.
Қара джинс шалбар
Сіз үшін тиімділік және өнімділік маңызды. Киім таңдауда да әмбебап, ыңғайлы және сымбатты болғанын қалайсыз.