Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Кофеден дәмдеуіш жасауға болады

Кофе біз ойлағандай сергітіп қана қоймайды. Оныңтұрмыста атқаратын қызметі бар. Мәселен, қуырылып жатқан тауық етінің үстіне салып жіберсеңіз, қарапайым дәмдеуіштер секілді ерекше дәм бере түседі. Тоңазытқышыңызды да жағымсыз иістен залалсыздандырады. Олай болса, тағы қандай қасиеті бар екен?

Дәмдеуіш ретінде қолдану

Кофе дәм жағынан қызыл бұрыш, пияз, сарымсақ, күнземен (кориандр) үйлесім табады. Ет қуырғанда, тауық қанатшаларын қуырғанда ерекше дәм береді.

Тоңазытқыштың жағымсыз иісін кетіреді

Егер тоңазытқышыңыздан жағымсыз иіс сезілсе, стақанға кофе түйіршіктерін салып, тоңазытқыштың ішіне қойыңыз. Кофе оның ішіндегі жағымсыз иісті өзіне тартып алады.

Металл ыдысты тез жууға көмектеседі

Егер тамағыңыз күйіп кетіп, метал ыдысты, яғни, кәстрөлдің түбіне жабысып қалатын болса, қою кофені ыдыс жуатын ерітінді ретінде пайдаланып көріңіз. Дақтардан арылған соң, ыдысты мұқият жуыңыз.

Қолдағы пияз бен сарымсақтың иісін кетіреді

Сарымсақ пен пиязды турап болып, қолды сабындап жуғаннан кейін де оның жағымсыз иісі кетуі екіталай. Кофенің екі-үш түйірін саусағыңызбен үйкелеңіз. Ол саусақтағы жағымсыз иісті өзіне тез сіңіреді. Алдын ала асхана сабынын дайындап қойсаңыз да болады. Мысалы сабынды қайнатып, оның үстіне бір шыныаяқ қою кофе құйып, қатырып қойсаңыз болғаны. Сарымсақ, пияз турап болған соң, сол сабынмен қолыңызды жусаңыз, иісі кетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Күләш Ахметова — Үзілген түймені қадау

Redaktor Site

Операция «Маркет- Гарден»

redaktor_qazyr

Харчоның дайындалу жолы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz