Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қарағандыда аттракционнан ана мен бала құлады

Қарағанды орталық саябағында «Тікұшақ» балалар аттракционының бірінде әйел мен бала  отырған кабина құлады, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

Қарағанды саябақтары басқармасының хабарлауынша, оқиға кеше, 15 қыркүйекте болған. Әйел мен баланың өміріне қауіп жоқ. Оларды жедел жәрдем алып кетіп, дәрігерлер тексеріп, үйіне жіберген.

Белгілі болғандай, ол аттракцион жеке адамға тиесілі болған. Сонымен қатар биыл, мамыр айында техникалық сараптамадан өткені туралы деректер пайда болды.

Қазіргі уақытта төтенше жағдайға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада дрондар шоуы өтеді

redaktor_qazyr

Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушыларды 2023-2024 оқу жылының аяқталуымен құттықтады

redaktor_qazyr

Жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханға жазылудың жаңа тәртібі енгізілмек

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz