Qazyr.kz
БілімПайдалы кеңестер

Ұшақпен ұшатындар нені ескеру керек?

Көбіміз саяхатқа «темір құстың» бортында аттанамыз. Ұшқан кезде сізді қандай мәселелер күтуі мүмкін? Қалай олардың алдын алуға болады?

Баршамызға мәлім болғандай, статистика бойынша автокөлік әуекөлігінен қауіптірек. Бірақ, біз автокөлікке алаңсыз отырамыз, ал ұшаққа отырғанда қобалжи бастаймыз. Кейбір адамдар ұшаққа мүлдем отырмайды.

Сондықтан да ұшақпен ұшудан қорықпау үшін, Сіздерге бірнеше кеңесті ұсынамыз…

Ақпарат жинаңыз.

«Жаңбыр адамы» фильмінің қаһарманы барлық әуе компаниялардың ұшақтарымен ұшудан бас тартып, тек қана аустралиялық «Qantas» әуекомпаниясының ұшақтарымен ұшуды жөн көрді. Басқа компаниялардан бас тартуын былай түсіндірген: «Бұл, бортында ешқашан төтенше жағдай орын алмаған әлемдегі жалғыз әуетасымалдаушы». Ұшаққа билет алардын алдында, компанияның беделімен танысыңыз, Интернетте жолаушылардың комментарийлерін оқып шығыңыз. Сіз үшін ең лайықтысын таңдасаңыз, ұшақта алаңсыз отыра аласыз.

Көңіл көтеру үшін «Duty Free»-ге барыңыз.

Кейбір адамдар үшін күйзелістен шығудың бір жолы ол – шопинг. Сапарға тіркеуден, паспорттық бақылаудан өткен соң дүкендерді аралап, өзіңізге сыйлықтар сатып алып, көңіл-күйіңізді көтеріңіз.

Жолға сағыз алуды ұмытпаңыз.

Ғалымдардың айтуы бойынша сағыс шайнау және кәмпит сору адамды күйзелістен шығаратын жол. Өйткені, сағыс шайнау мен кәмпит сору бізге балалық шақты еске түсіреді. Күйзелген кезде біз кейбір кездері балалық шаққа оралуды қалаймыз, өйткені ол кезде біз ештеңені уайымдамай ойнап-күліп жүретінбіз.

Күлімсіреу.

Үрейіңіз қашып жатса – күлімсіреңіз. Біз күлгенде немесе күлімсірегенде, беттегі кейбір бұлшықеттерді қатайтамыз. Егер де сіздің күлгіңіз келмесе де, ал сіз бетінізге күлімсіреген адамның маскасын «кисеңіз» — сіздің бетіңіздегі бұлшық еттер қуанышты еске түсіріп миға сигнал береді. Күлімсереген күйде 15 минуттай отыра тұрыңыз – күйзелістен шығасыз.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Фариза Оңғарсынова

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты