Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Акция аясында тұрғындар өз еріктерімен полицияға 100 атыс қаруын тапсырды

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен атыс қаруын қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылық, қылмыстарының алдын алу мақсатында, Түркістан облысында тұрғындардан заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілуде.Бұл туралы QAZYR.KZ- ке Түркістан облысының ПД баспасөзі хабарлады

Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін облыс бойынша 76 азамат өз еркімен 100 дана атыс қаруын тапсырды. Оның ішінде 10-ы кіші ойық ұңғылы мылтық болса, 90-ы тегіс ұңғылы мылтық болды. Сонымен қатар тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға орта есеппен 70 000 теңгеден 123 000 теңге аралығында қарудың жарамдылығына қарай ақшалай сыйақы берілді.

Сондай-ақ акция барысында Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға кеңес береді. Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту керектігін айтты

admin_qazyr

Қазақстан экономикасы: Өсу қарқыны, инфляция және теңгенің болашағы

admin_qazyr

Қазақстанда пациенттердің медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz