Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

12 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған азаматша 12 жылдан кейін қолға түсіп, құрықталды, деп хабарлайды Qazyr.kz ақпараттық порталы. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, кеше, 17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған  азаматша Р.-ны  ұстады.

«2012 жылы  маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімге кіру арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген. Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды» делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада АЭС-ке қарсы 378 дауыс қорытынды хаттамада есептелмей қалған болуы мүмкін

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

admin_qazyr

«Қолының сұғанақтығы бар» Атырауда педкеңестен шыққан мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz