Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Күріш диетасы деген не?

Күріш ежелден бері ағзадағы шлактарды кетіріп, артық салмақтан арылуға көмектесетін әмбебап тағам ретінде қолданылады.

Алайда, күріш диетасы үшін бұл тағамды жүйелі түрде жеу ғана емес, белгілі бір талаптарды орындау да қажет (егер талаптарды сақтамаған жағдайда, жақсы нәтиженің орнына сырқаттарыңызды асқындырып алуыңыз мүмкін).

Күріш диетасының мақсаты

Естеріңізге сала кетейік, артық салмақтан арылуға арналған заманауи диеталардың барлығы бір мақсат бойынша жұмыс істейді: сіз белгілі бір уақытта калориясы төмен, бірақ көлемі әлдеқайда үлкен тағамдарды пайдалана бастайсыз. Ал сіз жейтін тағамда қажетті калория жетіспеген соң, ағза өзіндегі артық майлармен қоректене бастайды. Яғни, сіздің диетаңызға орай, бел мен жамбастағы артық майлар осылай кете бастайды. Бұл жағдайда сіз қабылдаған диеталық тағамдар тойымды болған соң, қарын ашушылық сезілмейді.

Осындай көлемі үлкен әрі калориясы төмен саналатын күріштің тағы бір қосымша пайдасы бар: суға салынған соң, ол борпылдақ күйге көшеді. Ал бұл өз кезегінде ағзада жылдар бойы жиналған зиянды заттардың бәрін шығаруға көмектеседі (буынға жиналып, олардың қозғалысын төмендететін әртүрлі тұздар мен шлактар). Алайда, күріш диетасын ұзақ уақыт бойы қолдансаңыз, ағзадағы зиянды заттардан бөлек, калий секілді қажетті заттар да азая бастайды. Міне, осыған орай, күріш диетасын қолдану мерзімі әртүрлі болып келеді.

Күріш диеталары

Ағзаны тазартуға арналған ең қарапайым күріш диетасы мынадай: күн сайын таңертең аш қарынға дымқыл күрішті жеңіз. Тіпті, су ішуге де болмайды. Күріш дәндерінің көлемі сіздің жасыңызға байланысты (1 жасқа — 1 дән). Мұндай таңғы астан соң үш сағат бойы ішуге де, жеуге де болмайды. Ұйықтардан үш сағат бұрын тамақ ішуді доғарыңыз. Алайда, шай, су және шырын ішуге болады. Күріш диетасын қолданған 10 күнде ұн тағамдарын, макарон мен картоптан аулақ болыңыз. Мұндай күріш процедурасын жарты жылда бір реттен артық істемеңіз.

Күріш диетасының тағы бір нұсқасын мынадай: аптасына бір рет бір стакан күрішті (тұзсыз) қайнатып, күні бойы сумен, минарлды газсыз су немесе шырынмен кішігірім көлемде жеңіз. Мұндай диетаны бір-екі ай бойы ұстануға болады. Алайда, бұл диета кезінде тамақтану мәзіріңізге балық (тұзды және кептірілген балықтан бөлек) пен жеміс-жидек, көгеністерді қосыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Үсенов — Кәрі төбеттің соңғы сөзі

Redaktor Site

Жамбыл Жабаев- Мұғалімдерге сәлем

redaktor_qazyr

Есенқұл Жақыпбек-Ініге сыр

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz