Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Киви беттегі қара дақты кетіреді

Қыздардың кемшілгіктерінің бірі қара нүктелер. Безеумен ұшық секілді қатты көрінбесе де бәрімізді мазалайтыны аян. Қара нүктелер немесе камидондар бет терісінің шаң немесе кірмен бітелуіне байланысты пайда болады.Сол себепті ұсақ тесіктердің түсі қара түске боялады.Адам көзіне ол қара нүктелер болып көрінеді.Камидондар көбінесе мұрын,маңдай,иекте жиі байқалады.Беттегі қара нүктелерді жасырамыз деп түрлі амал-айлаларды қолданамыз. Барынша тоналды иіс май жағып қара нүктені жасырғымыз келеді.Алайда үйдегі қарапайым тәсілдермен қара нүктелерден құтылуға болады екен.Ол үшін бізге:

-Киви
-Ұнтақ жармасы

Киви С және Е дәруменіне бай екені белгілі.Сондықтан тек қана ағзаға ғана емес бет терісіне де пайдалы.Кивидің көмегімен қара нүктелерден құтылып қана қоймай бетті ағартуға да болады.Ал,ұнтақ жармасы В1,В2,крахмал,В6,Е дәруменіне калий,кальций,натрий,магний,фосфор,темір секілді минериалды заттарға бай.Сонымен қара нүктеге қарсы масканы жасау үшін:кивидің жартысын езіп аламыз.Одан соң екі шәй қасық ұнтақ жармасын қосамыз.Дайын болған қоспаны бетімізге жағамыз.Қоспаны жаққан соң бетіңіз аздап ашыса демек сізге кивидің құрамындағы органикалық заттар әсер етті деген сөз.Аз ғана уақыттан соң бетіңізді салқын сумен жуыңыз.Артынша бетіңіз құрғап қалмас үшін,міндетті түрде иіс май жағыңыз.Айтпақшы киви және ұнтақ жармасы қосылған қоспаны бетіңізге күніне бір рет жағыңыз.Егер дәл осы қоспамен пилинг жасағыңыз келсе,онда масканы бетіңізге жағып 10-15 минут ұстап күтіңіз.Одан кейін жылы сумен шайыңыз.Пилингті айына бір рет жасау керек.Көктемнің жайма шуақ кезінде бетіңіз аппақ әрі әдемі болсын.

Ұқсас жаңалықтар

Оңайгүл Тұржан — Айфон

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Тұсау кесерге арналған тілек

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz