Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Қыздарға арналған кеңес

Бүгін біз қыз-келіншектерге арналған қарапайым кеңестерді ұсынып отырмыз. Күнделікті үй шаруасында, жұмыста қажет болатын қарапайым кеңестер арқылы кез-келген шаруаңызды оп-оңай шеше аласыз деген ойдамыз.

ЕТІГІҢІЗ ТАР БОЛСА…

Қыс келді. Жаңа аяқ киім сатып алған шығарсыз? Ал, жаңа етіктің біраз уақытқа дейін аяқты қысып, мазаны алатыны бар. Бұл мәселеден қалай айналып өтуге болады? Оның жолы оп-оңай. Ол үшін дымқыл “шұлықтың ” үстінен жап-жаңа етігіңізді киіп алыңыз. Аяғыңызға тарлық еткен жерлеріне көбірек салмақ салып, фенмен кептіре бастайсыз. Кеуіп, суыған соң аяғыңызға киіп көріңізші, шап-шақ әрі қыспайтын болады.

ЙОГУРТТЫҢ ҚОРАБЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАЙДЫ…

Киім-кешекке қатысты тағы бір кеңес. Таңертең сабаққа, жұмысқа асығып бара жатқанда қай киіміңізді таба алмай жүретінін білесіз ғой? Иә-иә шұлық . Тартпаларда араласып жататын шұлықтың екінші сыңарын табу кейде айқай-шуға ұласып жататыны бар. шұлықтарыңызды салып қоюды жақсы әдетке айналдырғыңыз келсе, йогурттан қалған қалбырларды қоқысқа лақтыруға асықпаңыз. Шкафтың тартпаларына әдемілеп орналастырып, ішіне шұлықтарыңызды салып қойсаңыз, таңертеңгілік қарбалас азаяды

ҚЫСҚАТОЛҚЫНДЫ ПЕШТІ ТАЗАЛАЙЫҚ

Енді асханаға көшейік. Қысқатолқынды пеш. Өте қолайлы, ыңғайлы, жақсы көмекші. Бірақ кейде оны тазалау қиынның қиынына соғып жатады. Не істеу керек? Мына қулықты жасап көрейік. Пештің ішіне су құйылған шыны табақты қояйық та, ең жоғарғы температурасына қойып, 3 минут қыздырайық. Суға ас содасын салсаңыз тіпті жақсы. Су ысып, пештің іші буланып, қаспақтар жібіп шыға келеді. Дымқыл сүрткішпен сүртіп алу ғана қалды.

ШӘУГІМДІ ҚАҚ БАССА…

Іші қайнаған судың қағына толы ма? Оны тазарту да қиын емес. Мәселен дүкеннен кәдімгі Coca-Cola сусынын сатып алыңыз да, шәугімге құйып қайнатсаңыз болғаны, қабырғасындағы қақ бұрын болмағандай тазарып шыға келеді.

ҚҰЙМАҚ ПІСІРЕЙІК

Құймақ пісіргенді ұнатасыз ба? Кейде құймақты табаға жұқалап құйып, пісіріп алу айтарлықтай қиындық туғызады. Ол үшін құймақтың сұйық қамырын бөтелкеге құйып алыңыз. Ожаудан гөрі бөтелке аузынан даққа құйылады әрі жұқа болады. Сондай-ақ бұл әдіспен сіз ерекше оюлы құймақтарды жасай аласыз. Гүл, көбелек сияқты. Қысқасы қиялыңызға ерік беріңіз. Ал артылып қалып бара жатса сол ыдысында тоңазытқышта сақтау да оңай.

ҚАМЫР АШЫТАЙЫҚ

Нан жауып, бәліш пісіріп туған-туыстарды қуантқанды бәріміз жақсы көреміз. Ал қамыр жақсы көтеріліп, нан дәмді болу үшін не істеу керек? Ол үшін қамыр илеп жатқанда картоп крахмалын қосып жіберіңіз. Нан ұзақ уақытқа дейін жұмсақ әрі дәмді болып сақталады. Сондай-ақ қамыр илейтін суға жарты стақан газдалған минералды суды ас содасының бір шымшымымен араластырсаңыз да қамырыңыз жақсы көтерілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Шыңғысханның ұрпағы қанша?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ұшықты емдеу тәсілі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz