Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Адамнан ұзақ өмір сүретін жануарлар

Адамнан ұзақ өмір сүретін жануарлар өте көп. Жануарлардың ішінде ұзақ жасайтындары – теңіз тасбақалары мен қолтырауындар. Олар 200-300 жыл өмір сүреді. Балықтар да ұзақ жасайды. Жайын, тұқы және акула 100 жыл өмір сүрсе,шортандар олардан да көп жасайды екен. Ал құстардың ішінде тотықұстың бір жарым ғасырдай өмір сүретіні ақиқат. Тіпті аққулардың ғасыр жасағандары да бар. Дегенмен тіршілікте өте қысқа жасайтын жануарлар да кездеседі. Негізінен, ұсақ жануарлардың тіршілігі тым қысқа: тышқан – 1,5-2 жыл, үй қояндары – 8 жыл, тиін – 8-9 жыл, кәмшат – 6-11, қасқыр 15 жыл ғана жасайды. Ал көбеклектер болса кемдеген 1 тәулік өмір сүреді екен.
Француз ғалымы Ж. Бюффеннің зерттеуінше, жан-жануарлардың бой өлшемі мен өмір жасының арасында байланыс бар. Жас ағзаның өсіп-жетілуіне кететін уақыттан бес есе көп болады. Яғни түйе 8жыл өседі, барлығы 40 жыл жасайды. Адам бойы 20 жасқа дейін өседі, ол 100 жыл жасауы тиіс. Алайда, мысалы, тотықұстар екі жылда өсуін тоқтатады, бірақ жасы 100-ден асады, сонда мұның сыры неде екені әлі күнге беймәлім. Ал адамдардың ұзақ жасауының сырын ғалымдар олардың жағрафиялық орнымен байланыстырады. Тұрғындары ұзақ жасайтын Эквадордағы Вилькабамба, Пәкістандағы Қарақорым, Кавказдың таулы өлкесі, Якутияда жұрт үнемі жаяу жүріп, ауыр еңбекпен айналысады. Сондай-ақ әлемдегі ұзақ өмір сүрушілердің барлығы да тамақты шамадан тыс ішпейді, үнемі көңілді жүреді, ұрысып-керісіп жүйкесін жұқартпайды, уайымға салынбайды.

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлінің өмірбаяны

redaktor_qazyr

Мағжан Жұмабаев-Осы күнгі күй

Redaktor Site

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz