Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпаратЖаңалықтар

Зимбабведе аш қалған халықты тамақтандыру үшін 200-ге жуық пілді құрбандыққа шалмақшы

Зимбабве құрғақшылықтан аш қалған азаматтарды тамақтандыру үшін 200-ге жуық пілді құрбандыққа шалмақшы.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Зимбабве билігі соңғы 10 жылда ең ауыр құрғақшылықтан аш қалған азаматтарды тамақтандыру үшін пілдерді жаппай қыруға рұқсат берді.

Зимбабве саябақтар мен жабайы табиғат басқармасының өкілі Тинаше Фараво CNN-ге берген сұхбатында, ел халқының жартысына жуығы аштық қаупі төніп тұрғандықтан , «біз 200 пілді құрбандыққа шалуды көздеп отырмыз» деген.

Бұл қадам Намибияда ұзаққа созылған құрғақшылықтан туындаған азық-түлік тапшылығынан шешу үшін пілдер мен басқа да жабайы жануарларды жою туралы шешім қабылдағаннан кейін жасалды.Ал мұны жануарлар құқығын қорғаушылар мен табиғатты қорғаушылар сынға алып отыр.

Айта кетейік,Зимбабве пілінің популяциясы бойынша әлемде екінші орында, тек Ботсванадан асып түседі.

Ұқсас жаңалықтар

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

redaktor_qazyr

АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамп барлық жеті штатта көп дауысты иеленіп тұр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz