Qazyr.kz порталы
Руханият

Сен оның көзіне қара

Сен оның көзіне қара,
Көзінде таң нұры жатыр!
Жүрекпен көре білгенге,
Жүректің зар-мұңы жатыр!

Сен оның көзіне қара,
Көзінде барлығы жатыр!
Сүйсе де қосыла алмаған,
Ғашықтар тағдыры жатыр!

Сен оның көзіне қара,
Жәй ғана қарашы, Гүлім!
Қанша ма қасірет жатыр,
Ішінде қарашығының..?!

Сен оның көзіне қара,
Қарашы, мөлдір емес пе?!
Мен сенің мөлдірлігіңді,
Осылай көрдім емес пе?!

Сен оның көзіне қара,
Ғажайып әлем емес пе?!
Қарашы, көздері сенің,
Көзіңдей әдемі емес пе?!

Сен оның көзіне қара,
Ерекше еміренесің!
Сен оның көзіне қара,
Көзінен мені көресің…

Тілеген Әли

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Алматы — Әлем қолөнершілерінің қаласы: Қазақ шеберлері жаһандық нарықта

admin_qazyr

Ғабиден Мұстафин

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz