Qazyr.kz порталы
Руханият

Барады сұлу жаз өтіп

«Барады сұлу жаз өтіп»
Айнала гүлдер жер беті ғажап түске еніп,
Бір жәннәт ғалам жатқандай еді-ай,түске еніп.
Дастарқан-дала жайқалып жеміс-жидегі,
Кеткендей Қызыр аулымнан жаңа түстеніп.
Қ/СЫ:
Жанымыз жайлау мәз едік,
Шалқыған ән,күй,саз едік.
Айдыннан ұшқан аққудай,
Барады-ай,сұлу жаз өтіп.

Толысып,толған,табиғат жасар тағызым,
Қарсы алар күзді алқаптар алтын аңызым.
-Қош келдің,төрлет!
-Қош көрдік,Сәлем,қыркүйек!
Қош боп тұр енді жайнаған жасыл тамызым.
Қ/СЫ:
Өтеді өмір алмасып ай,күн,әр жылы,
Жарқ етші,шіркін,кеудемнен жастық жарқылы.
Құлазып көңіл қараймын тұнжыр бақтарға,
Бойымды қарып барады-ай,күздің салқыны.
Ахмет Құдабаев.
Маңғыстау.20.09.2024.

Ұқсас жаңалықтар

Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай

redaktor_qazyr

Алмас Темірбай — Оянба, қазақ

redaktor_qazyr

Шоқан Уәлихановтың өмірібаяны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz