Qazyr.kz порталы
Руханият

Іздеу

Іздеу

Сұлу күндер асырды да айласын,
Шытынатты жастығымның айнасын!
Ақ бантигі желбіреген тұлымда,
Мен сағынған бала кезім, қайдасың?

Сездірместен күннің сырғып өткенін,
Алыс жаққа кеткені ме көктемім?
Жылды санап, қиялменен қайттым-ау,
Жаяу көңіл жастығымның бөктерін.

Қалмағандай естелігім жасырған,
Жылы самал сипап өтті шашымнан.
Көздеріме үйірілді мөлдір су,
Сағыныштың моншағы ма , шашылған?

Бұрылмадым артта қалған күндерге,
Аяқ алға басылмады жүргенде.
Қия алмай балалықты барамын,
Көзімде жас, ұқсап өзім күлгенге!

16.09.24 Балзи

Ұқсас жаңалықтар

Жанна Д’арк кім?

Redaktor Site

Ғабиден Мұстафин

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz