ӨМІР ОСЫ…
Өмір өзі қуантып…күлдіреді…
Ойда жоқта мұң артып… «бүлдіреді».
Өмір кейде ұсынар «тосын сыйын»,
…Қосақталған сынағын тосу қиын.
Өмір, шіркін, бағыңды тасытады,
Сынап кейде…» желкеңді қасытады».
Өмір кейде, байлыққа батырады,
Енді бірде, «жұтатып», қатырады.
Өмір солай, биікке көтереді,
Сол биікті қайтадан төңкереді…
Өмір — осы!..
Ұйытқып, құбылады,
Мәңгі тең қып тұрмайды құбылаңды.
@Базархан Жанғожаева