Qazyr.kz порталы
Руханият

Сені ойлап

Сені ойламай жүр дейсің бе..Қылықтым.
Әлі де жүр қу кеудемде сынық мұң.
Ұмыта алмай жүргендігім айып па..?
Қайтем енді….келгеніммен ұмытқым.

Жындысүрей сияқтымын..тегі мен.
Қиялымның жетегіне жегілем.
Қанат бітіп қалықтаймын көк жүзін.
Жылт еткенде жарқын жүзің, желіден.

Дақ салмасым белгілі ғой, арға анық.
Нәпсі ойлардан аулақ жүрдім, қарманып.
Ұмытам деп ойлаймын да..артынша…
Сиқырыңа қала берем арбалып.

Ұмыттырма…Ей Тәңірім..қинама.
Жұмыр етке.. берсеңші сен..күй жаңа.
Сол баяғы махаббаттың іздері.
Жүрегімде қалып қойған сый ғана.

Ұмытудың болса дағы себі мың.
Ұмытуға қауқарым жоқ, сені, ұғын.
Жанымды алса, дәргейіне Алланың.
Ғашықтықтың..киіп барам кебінін.

Сен жайында қалдырармын жарқын ән
Сені іздеймін, қиял ішін шарқ ұрам.
Сен жайлы ойдың жетегінде жүрем де
Көз ілемін…бергенінде таң қылаң.

Кешір…Сені сүйгендігім, бар кінәм.

 

Аман Ази Мақсутбайұлы. 15.08.2024. Сағ- 23:23.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Шабыт

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz