Qazyr.kz порталы
Руханият

Құрақ көңіл

ҚҰРАҚ КӨҢІЛ

Жел шайқаған көңілдің құрақтары,
Сыбдырлайды таусылмай сұрақтары.
Мен байқаған алыстан сағым үміт,
Жеткізбейді бұлдырап жырақта әлі.

Уақыт берші тағдырым,
Сәл шаттанып күлейін.
Бақыт берші ғұмырым,
Дәмін татып көрейін.
Сарқыт берші тойлардан,
Бөліп алсын балалар.
Шабыт берші тұнықтан,
Мөлдір өлең өрейін.

Ай жарығы аймалап түнгі көлді,
Самал сипап маңдайдан мұңды көрді.
Бірін-бірі жұбатқан түнек-жарық,
Жағалаған айнала үнді бөлді…

Тас емес кеудеме бір жүрек берші,
Жас емес әлсіздерге тірек берші.
Қураған күзге ұқсамай құрақ көңіл,
Көктемдей жадыратып гүлдеп келші…

Рауандап атқан таңда жігерім бар,
Раушандай тікен болсын гүлдерім бар.
Болашақ жаны барға болған ғайып,
Уақытым қанша қалды білмедім,ал…

07.02.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Тұманбай Молдағалиев

Redaktor Site

Шәмші Қалдаяқов

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz