Qazyr.kz порталы
Руханият

Күз келді

Күз келді

Мен отырмын суретіңді қолға алып,
Көңіл-күйім сары түске оранып.
Сағыныштан езілсе де жүрегім,
Өткен күндер оралмайды,ол анық…

Іздеуменен саған ұқсас жүздерді,
Жылдар жылжып,тағы міне күз келді.
Зулап жатқан тоқтамастан уақыт қой,
Жолықтырып қоспай кеткен біздерді…

Зыр еткенде миды шарлап ой сұңғақ,
Шақырады бұлдыр үміт қол бұлғап.
Бірақ,бірақ сүмірейген есерлер,
Кеткен еді бұйырмаған жолды ұрлап…

Елес болып елеңдетіп ақ таңда,
Үлкен өкпе өзегімде жатқанда.
Суретіңді үнсіз сипап қоямын,
Елетпестін қасымдағы жат жанға.

Мен отырмын суретіңді қолға алып,
Көңіл-күйім сары түске оранып.
Сағыныштан езілсе де жүрегім,
Өткен күндер оралмайды,ол анық!!!

Іздеуменен саған ұқсас жүздерді,
Жылдар жылжып,тағы міне күз…

21.09.2017
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Төлеген Жанғалиев

Redaktor Site

Жетісуда жазушы Әнуар Әлімжановтың 95 жылдығы аталып өтті

admin_qazyr

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Анық пен танық

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz