Qazyr.kz порталы
Руханият

Соңы

Соңы

Мен жазармын бір күні соңғы өлең,
Соңғы нүкте,соңғы ой,соңғы «дилемм(а)».
Соңғы екенін сеземе сол бір сәтте,
Соңғы деммен отырған сорлы денем…

Туған күнім қуаныш іңгәлаған,
Тұрған жерім жұбаныш түн қалаған.
Әжім алып жастықтың желігін бұл,
Өзекті өртеп жүрегім туламаған.

Қайтар ма екем қартайып,әлде жастай,
Топырағын елімнің енді баспай.
Ұйықтап кеткен секілді жатарым рас,
Кірпік қақпай,көз ашпай,денем тастай !

Біреу келіп жақындап сырттан қарар,
Жуындырып,аққа орап,шашты тарар.
Жаназада дұшпан-дос бірге тұрып,
Бір уысты ақымға басқа салар!

Күрекпенен жалғасы тасталады,
Әр-түрлі болып келгеннің қас-қабығы.
Құрт-құмырсқа жеуімен қараңғыда,
Мәңгілікті жатып күтуім-басталады…

05.01.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Шәкәрім Құдайбердіұлы – Мақтау мен сөгіс

Redaktor Site

Ең алғаш оттың пайда болуы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz