Qazyr.kz порталы
ӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазпоштаның екі кассирі ақша жымқырғаны үшін сотталып кетті

Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденіп отырғаны анықталды.

Бұл қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданында құрбырға түсіп кеткен қыз жан тапсырды

redaktor_qazyr

Алматы облысында мешітте кішкентай баланы ұрғаны үшін имам жұмыстан босатылды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz