Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Әскерде жүріп жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге кетті

Әскерде жүріп жарақат алған сарбаз Ербаян Мұхтар Түркияға емделуге жол тартты.Бұл туралы адвокат Инга Иманбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында
жазды,деп хабарлайды Qazyr.kz.

«Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі.

Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса, үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», — деп жазды адвокат.

Айта кетейік,Алматы облысындағы Б.Момышұлы атындағы №5571 әскери бөлімде борышын өтеп жүген Ербаян Мұхтар өткен жылдың желтоқсан айында 6 ай бойы комада ес-түссіз жатқан сарбаз.Ресми ақпарат бойынша әжетханадағы еденге тайып құлап,басынан соққы алған.Ал анасы бұл ақпаратпен келіспейді.Ол ұлының әскерде әлімжеттік көрген айтып,тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бірыңай уақыт белдеуіне қарсы петицияға 50 мың адам қол қойды

redaktor_qazyr

Енді дәрігерлерге науқастан қатерлі ісік,туберкулез ауруларын ерте анықтағаны үшін 18 400₸ төленеді

redaktor_qazyr

Киімге жабысқан сағызды қалай алады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz