Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБілімРуханият

Дін – өте нәзік әрі маңызды сала

Дін – өте нәзік әрі маңызды сала. Ал, зайырлылық – көпконфессиялы және полиэтносты қоғамда бейбітшілікті сақтаудың жолы. Бұл тек мемлекетке ғана емес, сондай-ақ әрбір азаматқа да қажетті. Сондықтан қоғамның рухани мәселелерін шешуде бұл салада да бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Биылдан бастап Қазақстан қоғамындағы сын-қатерлерді ескере отырып, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы іске асырылады. Тұжырымдама мемлекеттің зайырлы даму қағидатарын одан әрі нығайтып, мемлекеттік және конфессияаралық қатынастарды жетілдіреді, дін саласын реттеуде нақты қадамдарды анықтайды. Тәуелсіздіктің 30 жылдан астам тарихында Қазақстан егеменді, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты. Әлемдік қоғамдастық еліміздің дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді ілгерілетуге қосқан бірегей үлесін мойындады.

Көптеген ғасырлар бойы әртүрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері бейбіт қатар өмір сүрген және бір-бірін мәдени жағынан өзара байытқан ел аумағында Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлі рухани құндылықтарын дамыту үшін қажетті саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасалған.

Өзінің тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан көптеген бітімгершілік бастамалардың бастамашысы, бейбітшілік пен толеранттылық идеяларының жеткізушісі болды. Осылайша, 2003 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері еліміздің қоғамдар мен мемлекеттерде жасампаздық пен келісімді қалыптастыру идеяларын ілгерілетуге қосқан елеулі үлесі болды. Тұжырымдаманың мақсаты – еліміздің дамуының зайырлы қағидатын қамтамасыз ету және нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығын кепілдендіру, олардың дінді таңдай алу немесе діннен бас тарта алу еркіндігіне жол ашу. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ұтымды жүзеге асыру үшін үкімет пен азаматтық қоғам өкілдерінің әріптестігін арттыру, азаматтарды діни сауаттылығын жоғарылату, ақпараттық қызметті күшейту, деструктивті ағымдардың жұмысына тосқауыл қою – Үкімет жасайтын жоспарға енетін шаралардың негізгі бағыттары.

Дереккөз: Түркістан Дін істер басқармасы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ең үлкен ит

Redaktor Site

Марфуға Айтқожина- Әкеме хат

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz