Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

«Ертең Орал қаласындағы әкімшілік мені кәсіби қызметім үшін сотқа бермекші.Биліктің мені, «Орал апталығының» журналисі, әрі бас редакторы ретінде сотқа беруі бірінші рет емес.Бірақ әр кез айыптауы қисынсыздығымен мені таң қалдырады.Орал көшелерінде бірнеше тұрғынды әңгімеге тарттық. Бұл кәсіби жұмыс. Олардан 6-шы қазан күні елде қандай оқиға болатынын біле ме деп сұрадық. Біреулер біледі, біреулер білмейді. Халық АЭС құрылысы жобасына өз көзқарасын білдірді, біреуі қолдады, біреу қарсы болды.

Қайталап айтамын – видеода алты-жеті адамның сұхбаты бар. Бас прокуратурадағы біреулер, халық арасында сауалнама жүргіздік деп шешіп, жергілікті прокуратураға бұйрық берді. Олар тез арада Әкімшілік сотқа жеке тұлға ретінде маған айып тағып, «Журналистік бастама» ЖШС-нің үстінен екінші айып салды», — деп жазды Орал апталығы газетінің бас редакторы Еслямова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Көлік оталмай қалса не істеу керек?

redaktor_qazyr

Ержан Ертаев Қостанайдың энергетика жүйесін тексерді

admin_qazyr

Әскерге шақыру SMS-хабарлама арқылы келеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz