Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақтөбе облысында сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адамға сот шешімі шықты

Ақтөбе облысында дәрігер қызды зорлап, өлтірген сүйіктісіне сот шешімі шықты, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Сотта күдікті Е. есімді ер адам 2024 жылдың 22 сәуірінде Ақтөбе қаласында түнгі мезгілде сүйіктісінің үйіне заңсыз кірген. Кейін дәрігер қызды еркінен тыс зорлап, артынша қылмыс ізін жасыру мақсатында оны пышақтап, өлтіріп кеткені анықталды.

Ол балкон арқылы шығып, қашып бара жатқанда алдынан полиция қызметкері шыққан. Күдікті ер адам полицейді де пышақпен жарақаттаған.

Сот жігітті кінәлі деп танып, оған 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ұқсас жаңалықтар

Болашақ зерттеушілерге жол ашық: «Киелі Шығыс» жобасы жалғасуда

admin_qazyr

Әсет Қанағатов газ жарылысынан зардап шеккен Ернұр Жүкенге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады

admin_qazyr

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы кибербуллингке тыйым салды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz